Сәуірден бастап «Астана-Талдықорған» бағытында пойыз қатынайды

Наурыз 27, 2026 - 16:13
 0  22
Сәуірден бастап «Астана-Талдықорған» бағытында пойыз қатынайды
Фото: ҚТЖ

9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, №122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон –  1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады.


«Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді. Қозғалыс күн ара жоспарлануда», –  делінген хабарламада.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0