«Сен арандатушысың!»: Димаш Құдайберген Олжас Байділдиновке жауап берді

Қазан 15, 2025 - 14:48
Қазан 15, 2025 - 15:27
«Сен арандатушысың!»: Димаш Құдайберген Олжас Байділдиновке жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Димаш Құдайберген қоғамда қызу талқыланған тіл мәселесіне қатысты өз пікірін білдіріп, қазақ тілін менсінбеген сарапшы Олжас Байділдиновті сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Біз қазақтар әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ сыйластық алдымен өзіңнен басталуы керек. Ал өзгенің мақтауы үшін өз тілінен ұялатындар сөзінен емес тамырынан айырылады. Олжас сен сияқты арандатушыны жұмысынан қуып шығар деп сенемін, себебі сен кішкентай қорқақ баласың. Қазақ тілінде әдейі жазбадым, себебі сен қазақша түсінбейсің!», – деп жазды әнші.

Бұған дейін ресейліктерге сұхбат берген Байділдинов “Қазақстанда орыс сыныптары азайып бара жатыр, бірдеңе істеу керек” деп айтқан еді. Әншінің шамына осы сөз тисе керек.

Ол аздай жақында Байділдинов «қоғамдық көлікте жол ақысын 500 теңгеге көтеру керек» деп тағы бір шулатқан.

Қаңтар оқиғасы кезінде де ол «газ қымбат дейтіндер автобуспен жүре алады» деп қоғам сынына ұшыраған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow