Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен босатылды

Ақпан 3, 2026 - 11:02
 0  21
Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен босатылды
фото: әлеуметтік желіден

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті оның орынбасары Дәурен Есімханов ұрып-соқты деген ақпарат тараған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0