«Шашымнан сүйреп, ішімнен тепті»: Данияр Елеусіновтің жұбайы екі әйелді соққыға жыққан

Наурыз 5, 2026 - 12:45
 0  6
«Шашымнан сүйреп, ішімнен тепті»: Данияр Елеусіновтің жұбайы екі әйелді соққыға жыққан
Фото: Видеодан скрин
Қарағанды қаласында танымал спортшы Данияр Елеусіновтің жұбайына байланысты тұрмыстық жанжал қоғам талқысына түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz. Oimaqnews-қа сілтеме жасап. 
Екі әйел олимпиада чемпионының жұбайын өздеріне шабуыл жасап, соққыға жықты деп айыптап отыр. 
Жәбірленушілердің бірі Әсел Жабықбаева жанжал көршілер арасындағы түсініспеушіліктен басталғанын айтады. Оның сөзінше, боксшының жұбайы негізсіз айып тағып, өзіне және анасына күш қолданған.

«Оның бізге қандай да бір негізсіз өкпесі болды. Мені екі рет ішімнен тепті, шашымнан сүйреді. Сол сәтте атасы жүгіріп кіріп, анамның басынан ұрды. Біз арыз жазып жатқанда, ол дәлізде тұрып, «Күйеуі – Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов» деп айтты», – дейді Әсел Жабықбаева.

Жәбірленушілер соққы іздерін тіркетіп, полицияға шағым түсіргендерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, жанжалды алғаш болып спортшының жұбайы бастаған. Әйел көршілерін атасына қатысты орынсыз сөздер айтты деп ойлаған.

Тараптар көп жылдан бері Қарағандының шет ауданындағы бір үйде көрші болып тұрады. Жәбірленушілер қарт кісімен жанжалдаспағанын, тіпті аралас-құраластығы жоғын айтады. Қазір анасы мен қызы пәтерден шығуға қорқатынын жеткізді.

Боксшының жұбайы Саида Елеусінова да көршілеріне қарсы арыз жазған. Ол бұл жағдайды қарапайым тұрмыстық жанжал деп атап, атасын қорғағанын айтты.

«Бұл – кәдімгі тұрмыстық түсініспеушілік. Екеуміз де 1989 жылы туғанбыз. Меніңше, олар Даниярдың есімін пайдаланып, хайп жасағысы келеді. Мен төбелесуге ниеттенген жоқпын. Әңгіме барысында дауыс көтерілді. Атам 80 жаста, менің тәрбием үлкен кісіні балағаттауға жол бермейді», – деді Саида Елеусінова.

Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайын сот анықтайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0