Шенеуніктердің аста-төк тойын сынаған Шпекбаев Сингапурдағы қымбат тойда бой көрсетті

Ақпан 15, 2025 - 17:21
Шенеуніктердің аста-төк тойын сынаған Шпекбаев Сингапурдағы қымбат тойда бой көрсетті
Фото: Бейнеден кадр/ instagram/ Әлішер Елікбаев

Кезінде шенеуніктердің аста-төк тойларын сынға алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы басшысы Алик Шпекбаев Сингапурда өткен қымбат тойда бой көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Танымал блогер әрі PR маманы Әлішер Елікбаев жариялаған видеода Шпекбаевтың қонақтар қатарында отырғаны байқалады.

Айта кетейік, 2018 жылы Шпекбаев Facebook парақшасында шенеуніктердің астамшыл той өткізіп, оны әлеуметтік желіде мақтан ететінін сынға алған еді.

«Зал толған гүл, 500-600 адам жиналған салтанатты тойлардың видеолары тарап жатады. Кейін оның белгілі бір облыс әкімінің ұлы немесе қызының тойы екені анықталады. Осыдан кейін халық “бұлар ақшаны қайдан алады?” деген орынды сұрақ қояды», – деген еді сол кезде Шпекбаев.

Еске сала кетейік, Алик Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ескі гвардиясының қатарында болған. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесінде шамамен жеті жыл қызмет етті. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық желі президиумының төрағасы қызметін атқарады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow