Шерзат ісі: Сот прокурорды ауыстыруға қатысты шешім шығарды

Мамыр 6, 2025 - 14:19
 0  39
Шерзат ісі: Сот прокурорды ауыстыруға қатысты шешім шығарды
фото: видеодан скриншот

Талдықорғандағы Шерзат Болаттың сотында сотталушы Дархан Әскентайдың адвокаты мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға қарсылық білдірген болатын. Бірақ сот прокурорды ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін сотталушы Дархан Әскентайдың адвокаты прокурор Дана Сәрсенбайды дауыс көтеріп, бұрмалап сұрақ қойып жатыр деген болатын.

Осыдан кейін бүкіл айыпталушылардың адвокаттары бір ауыздан прокурорды ауыстыруды сұрады. Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне барды. Алайда сот прокурор ауыспайтынын жеткізді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0