Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

Тамыз 10, 2026 - 14:26
 0  10
Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы автожолда жол жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды  Sadaq.kz.

Трагедия Тарғын ауылының маңында, жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде болды. Куәгерлердің айтуынша, қаза болған адам жол техникасының жүргізушісі. Полиция ер адамның қайтыс болғанын растады.

«Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша, яғни тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0