Шығыс Қазақстан облысының әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл ақпаратты әкімнің баспасөз хатшысы растады.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді", - деді ол.
Сақтағановтың отставкаға өтініш беруіне, бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омардың қылмыстық ісі себеп болған. Заң бойынша қол астындағы қызметкер жемқорлыққа қатысы болса, басшысы отставкаға беру керек.
"Өтінішті қарау барысында іске қатысы жоқтығы ескеріле отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды", - деді баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңір әкімі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0