«Шығуға асықты»: Бақытжан Базарбек қағып кеткен Нұржігіт ауруханадан шықты

Қыркүйек 17, 2026 - 09:45
app_badging Қыркүйек 17, 2026 - 09:54
chat_bubble  0 visibility  12
«Шығуға асықты»: Бақытжан Базарбек қағып кеткен Нұржігіт ауруханадан шықты
Коллаж: Sadaq.kz

Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт Қошанов ауруханадан шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.  Бейнежазбада  Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейіндік ауруханасының дәрігерлері мен экс-депутат алып шығып, тезірек сауығып кетуін тіледі. 

«Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейіндік ауруханасынан шығардық. Нұржігіт соңғы 3 күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, 31 күні емханадан аман-сау шығып отыр», – деп жазды экс-депутат.

Айта кетейік, Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі жолда тұрған ер адамды қағып кеткен. Оқиғаға дейін де аталған учаскеде басқа жол апаты болып, көлік жолдағы малды қағып кеткен көрінеді. Соның салдарынан малдың өлексесі жолда қалған. Оны жолдан алып тастау үшін бір ер адам трассаға шыққан  сәтте Toyota көлігі қағып кеткен. Апат Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылының маңында болған.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азамат ауыр жарақат алып, аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Оқиғадан кейін Бақытжан Базарбек медициналық тексеруден өткен. Оның ағзасынан алкоголь анықталмаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0