Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер құмар ойындарға 443 миллион теңге бәс тіккен

Шілде 23, 2025 - 17:12
Шымкентте мемлекеттік қызметкерлер құмар ойындарға 443 миллион теңге бәс тіккен
Фото: Pixabay.com

Шымкентте құмар ойынға құныққан мемлекеттік қызметшілер жұмыстан қуылуы мүмкін, деп жазады sadaq.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Талдау қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің былтырдан бері құмар ойындарға 757 миллион теңге бәс тіккені анықталды. Тәртіптік жаза тағайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Жауапты органдар қаражат қайдан алынғанын анықтауға кірісті.

– Талдау барысында жалпы жергілікті атқарушы органның 161 қызметкері интернет желісі арқылы "Олимпбет" тотализаторына бәс тігіп, қатысқаны анықталды. Оның ішінде 50 қызметкер заң қолданысқа енгеннен кейін 443 миллион теңге бәс тіккен, – деп мәлімдеді қалалық прокуратура басқарма бастығының орынбасары Бекжан Құлатаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow