«Әр адам еңбек етуі тиіс»: Бердібек Сапарбаевтың келіні қайын атасының өмірлік сабақтарымен бөлісті

Қаңтар 30, 2026 - 14:49
Қаңтар 30, 2026 - 15:51
 0  2
«Әр адам еңбек етуі тиіс»: Бердібек Сапарбаевтың келіні қайын атасының өмірлік сабақтарымен бөлісті

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың келіні Адель Сапарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм қайын атасынан үйренген өмірлік  ұстанымдарымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Жолдасымның әкесі үнемі адамдарға көмектесетін. Бірақ ол көмектің де түр-түрі болатынын анық түсінді. Ашыққан адамға бір рет балық берсең, ол бір күн тоқ болады. Ал қармақ сыйласаң, ол өмір бойы аш қалмайды. Бұл ол үшін жай ғана әдемі сөз емес, нақты өмірлік принцип болатын», – дейді ол.

Бердібек Сапарбаев қарыз бен несиені жауып беруді сұрайтын адамдарға күмәнмен қарап, әр адам өзіне жауапкершілік артып үйренуі керек деген ұстанымда болған.  Шынайы көмек сұраған адамдарды тез ажыратып, білім, бағыт беру жағынан аянып қалмайтын дейді.

«Егер адамдардың сұрауы бойынша бәріне ақша тарата берсек, жалпы жүйе қалай шыдайды? Экономика, мемлекет, банк жүйесі не болады?» – деп нақты әрі әділ сұрақ қоятын дейді келіні.

Келіні қайын атасының күнделікті тәртіп пен еңбектің маңыздылығы жайында құнды өсиетін атап өтті.

«Ол әр адам еңбектенуі тиіс, бұл күнделікті қалыптасатын тәртіп деп айтатын. Бәрі кішкентай дүниелерден басталатын ұдайы айтып отырушы еді.  Ояндың ба – төсегіңді жина. Тамақтандың ба – артыңды тазалап кет. Бұны «міндет» болғандықтан емес, осы қарапайым істер арқылы адамның бойында жауапкершілік қалыптасатындықтан жасау керек дейтін», – дейді Адель.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0