«Сынақ артта қалсын»: Отбасымен қауышқан Жанабыловтар желі талқысына түсті (ВИДЕО)
Жанабыловтар отбасының сот үкімінен кейін үйіне оралу сәті әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Блогер Айханым Жанабылова жариялаған әсерлі видео көпшіліктің жүрегін елжіретіп, мыңдаған пікір жинады, деп жазады Sadaq.kz.
Видеода отбасы мүшелерінің қауышқан сәті көрсетілген. Айханым жазба астына: «Cіздер бізбен біргесіздер. Бастысы осы» деп қысқа ғана пікір қалдырған. Желі қолданушылары бұл кадрларды тебіреніспен қабылдап, отбасыға ақ тілегін жаудырды.
Пікір қалдырушылардың бірі: «Бүкіл ел болып осы күнді күттік. Аллаға шүкір, алда әлі талай белестерге жетесіңдер» деп жазса, енді бірі «Осы сынақ артта қалсын, барлық жамандықты алып кетсін өзімен», деп тілек білдірген.
Көпшілік арасында «Аллаға шүкір», «Жандарым менің, өз бауырларымдай жақсы көремін», деген пікірлер қарша борады.
Еске салайық, бұған дейін Жанабыловтарға қатысты сот үкімі шығып, қоғамда қызу талқыға түскен еді. Сот шешімінен кейін олардың отбасына оралуы әлеуметтік желі қолданушылары арасында ерекше резонанс тудырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0