«Сыныптасым зорламақ болды»: Желідегі оқушының шарасыз жазбасы қоғамды шулатты
Әлеуметтік желіде 9-сынып оқушысының жан түршігерлік жазбасы тарап, көпшіліктің жағасын ұстатты. Жасөспірім ұл бала өзімен бір партада отыратын сыныптасының тарапынан көрсетілген әлімжеттік пен жыныстық сипаттағы тиісулер туралы ашық жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Автор: «Негізі ол да, мен де ұлмын... Үзілісте қолымды қайырып, артыма тұрып алды... Досы көріп не істеп отсың деп еді, "раком ғой, раком" деп қойып (менің күшім жетпеді)», — деп өткен жағдайды баяндап, не істерін білмей, жұрттан ақыл сұраған.
Бұл жазба желіде үлкен пікірталас тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі бұл жағдайды ерсі күлкіге айналдырып, тіпті автордың өзін кінәласа, енді бірі баланың тағдырына алаңдап, нақты кеңестер бере бастады. Желі қолданушылары жасөспірімге: «Ата-анаңа айт, дереу! Сынып жетекшіңе, мектеп инспекторына жеткіз», «Директорға барып айт» және «Үндемей отырма, арыз жаз» деген секілді пікірлер қалдырып, бұл істі заң аясында шешуге шақыруда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0