Синоптиктер 44 градус ыстық болатынын ескертті

Шілде 29, 2026 - 15:09
 0  17
Синоптиктер 44 градус ыстық болатынын ескертті
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

30 шілде мен 1 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында нөсер жауын болады. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Ираннан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – дейді синоптиктер.

Алдағы күндері барлық өңірде ауа температурасы жоғарылайды. Солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарда 1 тамыздағы қатты ыстықтан кейін температура +25…+35 градусқа дейін төмендейді.

Басқа өңірлерде: орталық және оңтүстік-шығыста — +33…+41 градус;

оңтүстікте — +35…+44 градус болады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0