Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды

Мамыр 1, 2024 - 12:22
Мамыр 1, 2024 - 12:23
Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды

Бұл туралы «Біз біргеміз» телемарафонында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов айтты.

Су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратып, халық арасында дүрбелең тудырғаны үшін 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы «Біз біргеміз» телемарафонында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов айтты.

«Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 2 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылды. Жалған ақпаратпен күрес жалғасып жатыр, мониторинг жүргізіп отырмыз», - деді Шыңғыс Алекешов.

Оның айтуынша, жауапқа тартылғандар көбіне гуманитарлық көмектің ұрланып, оны әкімдік өкілдерінің иемденіп жатқаны және кісі өлімі жөнінде қауесеттің таралуына себепшы болған.

turkystan.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow