Тағы да ұшақ апаты: АҚШ-та бес адам қаза тапты

Ақпан 2, 2025 - 16:51
Тағы да ұшақ апаты: АҚШ-та бес адам қаза тапты
Фото: REUTERS

АҚШ-та Филадельфияның солтүстік-шығысында медициналық эвакуациялық ұшақ биіктікке көтерілгеннен соң апатқа ұшырады. Апаттан борттағы ұашақтағы бес адам мен жерде көлікте болған бір адам қаза тапты. Бұл туралы sadaq.kz ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Деректерге сүйенсек, апатқа ұшыраған Learjet 55 жедел жәрдем ұшағында бортта төрт экипаж мүшесі, бір педиатриялық науқас және онымен еріп жүруші болған.

Филадельфия мэрі Шерелл Паркер ұшақ апатынан жердегі 19 адам зардап шеккенін хабарлады. Бірақ бұл сан әлі нақты емес.

Федералды авиация басқармасының мәліметінше, Learjet 55 Солтүстік-шығыс Филадельфия әуежайынан шыққаннан кейін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30 шамасында апатқа ұшыраған.

FAA мәлімдемесінде рейс Миссуридегі Спрингфилд-Брэнсон ұлттық әуежайына бара жатқаны көрсетілген. Онда ол Мексикаға бармас бұрын қонуы керек болған.

Ол Филадельфиядағы әуежайдан төрт мильден (6,4 км) аз жерде апатқа ұшырады. Видеода ұшақтың шыңнан жерге қарай құлап жарылғанын көрсетілген.

Jet Rescue Air Ambulance өкілі Шай Голдтың мәліметінше, ұшақ АҚШ-та қауіпті аурудан емделіп жатқан мексикалық қызды тасымалдамақ болған.

Бортта бес адам — баланың анасы, ұшқыш, екінші ұшқыш, дәрігер және фельдшер болған. Сондай-ақ, үшақ апатқа ұшырағанға дейін бір минут қана әуеде болған.

"Автотұрақтарда, көшелерде, көліктерде және аудандағы үйлердегі көптеген адам апат салдарынан жарақат алды", — делінген хабарламада.

Шерелл Паркер оқиға орнынан өткен баспасөз мәслихатында жерде бірнеше үйлер мен көліктер өртеніп кеткенін хабарлады. Екі сағаттан кейін өрт сөндірілген.

Апаттың себептері әлі белгісіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға болған кезде салқын және жаңбырлы ауа-райы болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow