Талдықорғанда суға түскен оқушының аяғына арматура темірі кіріп кеткен

Маусым 18, 2025 - 21:50
 0  45
Талдықорғанда суға түскен оқушының аяғына арматура темірі кіріп кеткен
Ашық дереккөзден

Талдықорған қаласы, Көктал ықшам ауданында, Балақты өзенінде ересектердің қарауынсыз және жабдықталмаған жерде шомылу кезінде бала аяғын арматураға тығып алған. Оқиға орнына құтқраушылар жедел жеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина бригадасы шыққан.

Арнайы гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар зардап шегушінің аяғын босатты. Бала дәрігерлерге берілді.

ТЖМ ата-аналарды сақ болуға шақырды.Мысалы: Жабдықталмаған жерлерде шомылу; Ересектердің қарауынсыз су қоймаларына бару; Құрылыс және авариялық-қауіпті учаскелердің жанында ойнау.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0