Таразда полициядан қашқан бозбала адам өліміне себепкер болды

Мамыр 12, 2026 - 22:36
app_badging Мамыр 13, 2026 - 01:36
chat_bubble  0 visibility  1
Таразда полициядан қашқан бозбала адам өліміне себепкер болды
Polisia.kz

Таразда полициядан қашқан 15 жастағы бозбала адам өліміне себепкер болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған "Audi" көлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полицияны елемеген.

"Ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, басқа көліктерге қауіп төндіріп, жасырынуға тырысты. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, электр желісінің бетон тірегіне соғылды. Апат салдарынан бір жолаушы көз жұмды", - дейді полиция.

Көлік рөлінде 15 жастағы бозбала болған. Кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0