Алғашқы алтын: Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды!

Ақпан 14, 2026 - 03:51
Ақпан 14, 2026 - 04:07
 0  4
Алғашқы алтын: Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды!
Фото: Jamie Squire / Getty Images

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи жеңіске қол жеткізді. Ерлер арасындағы жекелей сында отандасымыз Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медальді салды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл – Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш, ал жалпы Қысқы ойындарда 32 жылдан кейінгі алғашқы алтын. Соңғы рет 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) аты аңызға айналған шаңғышы Владимир Смирнов 50 шақырымдық қашықтықта топ жарған болатын. Содан бері араға үш онжылдық салып, Михаил Шайдоров Милан мұзында сол ерлікті қайталады.

Михаилдың еркін бағдарламасы үшін таңдалған музыка – әйгілі Адриано Челентаноның репертуарындағы «Confessa» туындысы. Бұл композицияның вокалдық партияларын әлемдік феномен Димаш Құдайберген Михаилдың Олимпиадалық бағдарламасы үшін арнайы қайта өңдеп, арнайы жазған. Нәтижесінде отандасымыз қос бағдарламаның қорытындысы бойынша 291.58 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Басты қарсыласы Илья Малинин (АҚШ) қысқа бағдарламада 108.16 ұпаймен көш бастағанымен, еркін бағдарламада сүрініп, жалпы есепте бұл үштікке де ілінбей, 8-орынға жайғасты. Ал күміс пен қола жүлделерді жапондық шеберлер Юма Кагияма (280.06) мен Сюн Сато (274.90) иеленді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0