Тарихи келісім: Бүгін Әзербайжан мен Армения Ақ үйде бейбіт келісімге қол қояды

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили бұл келісімді Кавказ аймағын Ресейдің ықпалынан азат ететін тарихи оқиға болады деп мәлімдеді.

Тамыз 8, 2025 - 10:31
Тамыз 8, 2025 - 10:34
Тарихи келісім: Бүгін Әзербайжан мен Армения Ақ үйде бейбіт келісімге қол қояды
Азаттық радиосы

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 тамызда Ақ үйде өтетін Әзербайжан мен Армения басшыларының саммитін тарихи оқиға деп атады.

Кездесу барысында Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен бейбітшілік туралы келісімге және екіжақты құжаттарға қол қоймақ.

Трамптың айтуынша, бұл қадам Оңтүстік Кавказдың әлеуетін ашып, экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталмақ. Трамп екі ел көшбасшыларының батылдығын жоғары бағалап, бұл күн тек үш мемлекет үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды болатынын айтты.

«Бұл екі ел ондаған жылдар бойы соғысып келді. Ертеңгі саммит – бейбітшілікке жасалған маңызды қадам, - деді Трамп.

Ақ үйдегі саммит аясында Армения Нахичеванды Әзірбайжанмен байланыстыратын көлік дәлізін игеру құқығын АҚШ-қа беруі мүмкін екені хабарланып отыр. Бұл инфрақұрылым Армения заңнамасына сай жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, Пашинян бұған дейін Армения Конституциясына бейбітшілік келісіміне қол жеткізу үшін өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили де АҚШ-та Армения мен Әзербайжан арасында бейбіт келісімге қол қою Кавказ аймағын Ресей Федерациясының ықпалынан азат ететін тарихи оқиға болады деп мәлімдеді. Айтуынша, Мәскеу Оңтүстік Кавказдың үш елінің екеуі – Армения мен Әзербайжан үстінен бақылауды іс жүзінде баяғыда жоғалтқан, ал Грузиядағы ықпалы тек «Грузин арманы» партиясы арқылы түрде ғана сақтап отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow