«Тасмағамбетов Исматулла Мақсұмды саяси амбициясы үшін қолдады» – Есбатыр Сисенов

Маусым 17, 2026 - 16:50
chat_bubble  0 visibility  1
«Тасмағамбетов Исматулла Мақсұмды саяси амбициясы үшін қолдады» – Есбатыр Сисенов
Коллаж: sadaq.kz

Бұрын Исматулла Мақсұмның жақын шәкірттерінің бірі болған зікірші Есбатыр Сисенов сұхбат барысында танымал саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің аталған діни ортаға жақын болуының себебі түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның сөзінше, Тасмағамбетовтің медреседе зікір рәсіміне қатысқанын өз көзімен көрмеген. Алайда сол кезеңде оның айналасындағы адамдардың медресемен байланысы болғанын айтады.

«Өз басым Иманғали Тасмағамбетовтің медресенің табалдырығын аттағанын көрген емеспін. Бірақ 2002 жылы медресеге барғанда Ғалым Боқашпен бірге зікір салып жатқанымда “Ғалым Боқаштың көмекшісімін”, “қала әкімінің орынбасарымын” деп жүрген адамдарды көрдім. Иманғали Тасмағамбетовтер Ғалым Боқаш сияқты белгілі бір адамдар арқылы көмегін береді. Көшербаев немесе Тасмағамбетов атаны қабылдапты, иығына шапан жауыпты деген фотоларды көрдік», – деді ол.

Есбатыр Сисеновтің айтуынша, сол жылдары Исматулла Мақсұмға елдегі көптеген зиялы қауым өкілдері сенім артқан.

«Менің ойымша, Исматулла Мақсұмға бар қазақтың зиялысы ізінен еріп, сенді. Дидахмет Әшімхан кітабын шығарып берген. Светқали Нұржанның артында бар Адайдың ақыны тұр. Онымен бірге оқыған журналистер оның беделін жоғары бағалайды. Солай бүкіл Қазақстан Исматулла Мақсұмды қолдады», – деді ол.

Сисенов осы пікіріне сүйене отырып, Иманғали Тасмағамбетов пен Қырымбек Көшербаевтың да аталған ортаға қолдау көрсетуіне қатысты өз болжамын айтты.

«Сондықтан Тасмағамбетов, Көшербаев сындылар өзінің саяси амбициясы үшін қолдаған шығар. Бірақ олардың зікір салып, алқада жүргенін көрген жоқпын», – деді Есбатыр Сисенов.

Ескерту: материалда келтірілген пікірлер – сұхбат беруші Есбатыр Сисеновтің жеке көзқарасы мен пайымы. Редакция оның айтқан болжамдары мен бағалауларының дұрыстығын растамайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0