Тайландтық блогер қазақ тілінде санап, жұртты тамсандырды (ВИДЕО)

Ол сандарды әлемнің түрлі тілдерінде санап шығады

Қараша 7, 2025 - 16:09
 0  22
Тайландтық блогер қазақ тілінде санап, жұртты тамсандырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Тайландтық блогер Pep Kemika қазақ тілінде санап, жұртты тамсандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер сандарды әлемнің түрлі тілдерінде санап шығады. Кезекті видеоларының бірінде блогер 5, 555, 5555, 55555, 555555, 5555555 сандарын қазақ тілінде айтып шықты.

«Үлкен рақмет», – деп блогер видеоның соңында жұртқа алғысын білдірді.

Блогердің қазақша сандарды өте дұрыс оқып шыққаны әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көптің назарын аударды.

«Көп-көп рақмет», «Жақсы айтады екен», «Сандарды түсінікті айтады екен», – деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pep Kemika (@pep_kemika)

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0