«Тек қазақ тілі!»: Желіде Конституциядан орыс тілі мәртебесін алып тастау талқылануда

Қаңтар 29, 2026 - 18:31
Қаңтар 29, 2026 - 20:08
 0  2
«Тек қазақ тілі!»: Желіде Конституциядан орыс тілі мәртебесін алып тастау талқылануда
Фото: The New York Times

Жуырда Threads қолданушылары Ата заңның 7-бабындағы «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген 2-тармақты алып тастау бастамасын көтерді. Белсенділердің пікірінше, бұл тармақ мемлекеттік тілдің толыққанды дамуына кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қазіргі таңда бұл ұсыныстарды билікке ресми түрде жолдау челленджі жүруде. Белсенді Гүлзада Сержан eGov Mobile қосымшасындағы «Конституциялық реформа» бөлімі арқылы немесе e-Otinish сервисімен өтініш тастау нұсқаулығын көрсетті. Осылайша, азаматтар өз талаптарын тікелей билік органдарына жолдап жатыр.

Тіл мәселесінен бөлек, кадрлық саясатты өзгерту де ұсынылуда. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді білмейтіндерді лауазымды қызметке тағайындауға шектеу қою және қазақ тілін барлық салада жалғыз жұмыс тілі ретінде бекіту талап етілуде.

«Ата заңда тек қазақ тілі аталуы керек!» — бұл бүгінгі трендтегі басты ұрандардың бірі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0