Тек тамағының өзіне 37 мың доллар кеткен: Джей Ло-ның концерттен қанша млн гонорар алғаны белгілі болды

Тамыз 4, 2025 - 11:57
 0  95
Тек тамағының өзіне 37 мың доллар кеткен: Джей Ло-ның концерттен қанша млн гонорар алғаны белгілі болды

Әйгілі әнші Дженнифер Лопес Астанада өткен шоу-концертінен кейін Ереванға ұшып барды. Әнші 3 тамыз күні Армения астанасындағы Республикалық стадионда UP ALL NIGHT турының аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Армян БАҚ-ының хабарлауынша, концертке әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам жанкүйер келген. Концерттің жалпы бюджеті – 6 млн доллар. Бұл қаражат 2023 жылы өтпей қалған Снуп Догтың шоуына бөлінген, кейін Лопестің концертіне бағытталған. Жалғыз Джей Лоның өзі бұл кештен 2,5 млн доллар пайда тапқан.

Бірақ бұнымен тоқтамайды – ұйымдастырушылар қалған соманы да жіліктеп тастаған:

$185 000 – әншінің командасын қонақ үйге орналастыру;

$37 000 – Джей Лоның екі күндік тамағы;

$15 000 – шоу продюсерінің гонорары;

$76 400 – техникалық директордың қызметі;

$26 800 – көлік, логистика және қабылдау тобының жалақысы;

$15 600 – сатып алу бойынша кеңестер;

$11 400 – заңгерлік қызметтер; 

$11 400 – бухгалтерлік шығындар;

$22 100 – көлік жалдау және жабдықты тасымалдау.

Армениялықтар арасында бұл шығындар қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, екі күнге арналған ас мәзірінің құны – 37 мың доллар деген ақпарат жұрттың жағасын ұстатты.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0