"Төбеңнен кірпіш құласын!". Қарағандыда қауіпті ойын ұйымдастырған жасөспірім іздестіріліп жатыр

Қарағандыда полиция көпқабатты үйдің шатырына шығып, қауіпті ойын ұйымдастырған жасөспірімді іздестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде белгісіз жасөспірімнің кірпіштерді қалап қойғанын байқаған.
Видеодан көрінгендей, мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
«Аталған дерек бойынша құқықбұзушының жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде. Ол белгілі болғаннан кейін, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті дәрежеде көңіл бөлмегені үшін заңда көзделген жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






