Тоқаев Черногория Президентін қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті Тәуелсіздік сарайында қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тәуелсіздік сарайында Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Бұдан кейін мәртебелі мейманның ресми сапарына орай сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.
Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.
Ресми қарсы алу рәсімінен кейін мемлекет басшыларының қатысуымен шағын құрамдағы келіссөз басталды.
Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапары 18-20 күндер аралығында жалғасады.
19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0