Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0