Тоқаев Кения Президентін ресми қарсы алды
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.