Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Қазан 29, 2025 - 14:33
 0  23
Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың мәліметінше, мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қазақстан президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0