Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Қараша 11, 2025 - 21:51
Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow