Президенттің АҚШ-қа сапары: Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты

Қыркүйек 23, 2025 - 09:57
 0  53
Президенттің АҚШ-қа сапары: Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: Ақорда

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.
Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.
Украина басшысы Владимир Зеленский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Қазақстанға алғысын жеткізді. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, әңгіме барысында басты назар қауіпсіздіктің сенімді кепілдіктерімен әділ әрі берік бейбітшілікке қол жеткізу мәселесіне аударылды.
Біз Украинаның, АҚШ-тың, Еуропаның және әлемнің басқа серіктестерінің соғысты тоқтату және қантөгісті доғару жөніндегі күш-жігерін егжей-тегжейлі талқыладық. Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық пен қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіруге қатысуға қызығушылығына тоқталдық, – делінген мәлімдемеде.

 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0