Тоқаев Шавкат Рахмоновтың әкесінің қазасына көңіл айтты

Тамыз 10, 2026 - 21:59
chat_bubble  0 visibility  1
Тоқаев Шавкат Рахмоновтың әкесінің қазасына көңіл айтты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мемлекет басшысы спортшының қайғысына ортақтасып, марқұмның елге сыйлы, өнегелі ғұмыр кешкен азамат болғанын атап өтті.

«Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген Президент жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов пен оның отбасына қайғырып көңіл айтып, марқұмның рухына тағзым білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0