Тоқаев Шымкенттегі сауда-логистика орталығына барды

Сәуір 11, 2025 - 12:55
Тоқаев Шымкенттегі сауда-логистика орталығына барды
Фото: Ақорда

Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды, деп хабарлайды saDaq.kz. 

Аумағы 24 мың шаршы метр болатын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған.

Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow