Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады
Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.