Тойларда экс-президенттің әнін қоюды міндеттеп жатқаны рас па?

Кейінгі апталарда тойхана, мейрамхана және банкет залдарының иелеріне де осындай тапсырма берілген.

Ақпан 8, 2024 - 10:54
Ақпан 8, 2024 - 11:52
Тойларда экс-президенттің әнін қоюды міндеттеп жатқаны рас па?

Түркіменстан билігі тойда экс-президенттің әнін қоюды міндеттей бастады. Батыс Түркіменстан билігі жергілікті тұрғындардан тойларда бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің әндерін қосып, шетелдік музыкадан бас тартуды талап еткен, деп жазады Азаттық.

Сайттың жазуынша, бұл тыйым осы аймақта тұратын орыс, армян, әзербайжан сияқты этностық топтарға ауыр тиіп отыр. Себебі, жаңа ереже бойынша, олар өз тойында туған тілінде ән тыңдай алмайды.

Кейінгі апталарда тойхана, мейрамхана және банкет залдарының иелеріне де осындай тапсырма берілген. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, көпұлтты Балқанабад өңірі мен Түркіменбашы қаласында тұратын азаматтар жаңа ережеге наразы болып отыр.

Мейрамхана қызметкері жақында өткен тойлардың бірін еске алып, жиында түркімендердің “кушдепти” деп аталатын ұлттық биі мен Бердімұхамедовтің екі әні қойылғанын айтқан.

«Бердімұхамедовтің әр әні 7 минутқа созылады. Диджей экс-президенттің әндерін екі реттен қойды», - дейді ол.

Бердімұхамедов Түркіменстанды 15 жылға жуық басқарған. 2022 жылы наурызда биліктің қадағалауымен өткен сайлауда оның ұлы Сердар Бердімұхамедов жаңа президент атанды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow