Трамп АҚШ президентінің жалақысынан тағы да бас тартпақ

Желтоқсан 11, 2024 - 12:25
Желтоқсан 11, 2024 - 12:27
Трамп АҚШ президентінің жалақысынан тағы да бас тартпақ
Фото: Al Drago / Getty Images

Дональд Трамп екінші президенттік мерзімінде мемлекет басшысына берілетін барлық материалдық жеңілдіктерден бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

NBC арнасына берген сұхбатында Трамп жылына 400 мың доллар көлеміндегі президенттік жалақыны алмайтынын және өмір бойғы зейнетақыдан бас тартатынын жеткізді.

“Мен бір цент те алмаймын. Бұл – мемлекеттік шығындарды қысқартуға қосқан менің үлесім,” – деді ол.

Трамптың айтуынша, АҚШ-тың бірінші президенті Джордж Вашингтоннан кейін бұл жұмысы үшін ақша алмауды шешкен алғашқы мемлекет басшысы болуы мүмкін.

Айта кетейік, алғашқы президенттік мерзімінде Трамп жалақысын толықтай қайырымдылыққа және ұлттық парктерді қорғау сынды бағдарламаларға бағыттаған болатын.

Соған қарамастан, Трамп АҚШ-тағы ең бай адамдардың бірі болып қала береді. Forbes деректеріне сәйкес, оның байлығы 2,3 миллиард долларға бағаланған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow