Трамп: Иран мен Израиль бітімге келді

Күтпеген жерден бұрқ ете қалған Иран-Израиль қақтығысы аяқталды. АҚШ президенті Дональд Трамп осылай деп мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, екі тарап қақтығысты ресми түрде тоқтатуға дайын екенін айтқан. Бейбіт келісім аясында алдымен Иран атысты доғарады. Сосын 12 сағаттан кейін Израиль тыныштық фазасына өтеді. «24 сағат өткен соң бұл соғыс ресми түрде аяқталады.
«Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі уақыттан шамамен алты сағаттан кейін, екі тарап та жоспарланған соңғы әскери операцияларын аяқтаған соң күшіне енеді. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, мен Иран мен Израильді бұл «12 күндік соғысты» аяқтауға жеткізген табандылығы, батылдығы мен парасаты үшін құттықтағым келеді», – деп жазды өзінің парақшасына АҚШ президенті.
Ұзамай Трамптың "Әлем жұртын құттықтаймын! Бейбітшіліктің уақыты келді", - деген тағы жазбасы пайда болды.
Алайда, Иран СІМ Трамптың бұл мәлімдемесін жоққа шығарды.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қақтығыстың әлі жалғасып жатқанын, Израиль басқыншылық әрекетін Тегеран уақытымен таңғы 4:00-ге дейін доғарса ғана Иранның қарымта шабуылын тоқтататынын мәлім еткен.
Сіздің реакцияңыз қандай?






