Трамп: Иран ядролық қару бойынша нақты жауап бермей отыр

Мамыр 12, 2026 - 09:04
chat_bubble  0 visibility  2
Трамп: Иран ядролық қару бойынша нақты жауап бермей отыр
фото: reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық қару жасамауға қатысты міндеттемені қабылдаудан бас тартып отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйде журналистермен сөйлесу барысында айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Трамптың айтуынша, Вашингтонның негізгі талабы – Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу, алайда Тегеран бұл талапты ресми хатында нақты көрсетпеген.

«Ол сондай-ақ Иранмен жүргізілген келіссөздер барысында Тегеранның ұстанымын бірнеше рет өзгерткенін атап өтті. Маған олармен төрт-бес рет араласуға тура келді. Олар өз шешімдерін жиі өзгертеді», – деді Трамп. 

Оның пікірінше, Иран билігінің кейбір әрекеттері сенім тудырмайды. Бұған дейін Тегеран ядролық қару жасау ниеті жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Сонымен қатар, халықаралық барлау деректерінде Иранның ядролық қару әзірлеп жатқанына нақты дәлелдер жоқ екені айтылған. 2003 жылдан бері елдің жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменейдің пәтуасына сәйкес, ядролық қару өндіруге тыйым салынған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0