Трамп Иранға қатаң ескерту жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Вашингтонмен келісімге келмеген жағдайда ауыр салдарларға ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде ол Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Трамптың айтуынша, АҚШ әскери операцияны тағы бірнеше апта жалғастыруға мүмкіндігі болған, алайда бұл процесс одақтас елдер басшыларының өтінішімен тоқтатылған.
«Олар келісімге келуі керек, әйтпесе жойылады», – деді Ақ үй басшысы.
Сондай-ақ ол Иранға қатысты ахуалдың түпкілікті шешімі уақыт еншісінде екенін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0