Трамп Путинмен кездесуден бас тартты

Қазан 23, 2025 - 09:37
Қазан 23, 2025 - 11:15
Трамп Путинмен кездесуден бас тартты
Фото: Kremlin Press Office/Anadolu via Getty Images

Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі кейінге шегеріледі. Тіпті мүлдем болмауы мүмкін, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

"Ол соғысты тоқтатуға дайын болмайынша, кездеспеймін", - деді Трамп Путин туралы мәлімдемесінде.

Мажарстан астанасында өтеді деп жоспарланған келіссөздер АҚШ пен Ресей сыртқы саяси ведомство басшыларының әңгімесінен кейін кейінге шегерілді.

"Бұл Томагавк зымырандарын жіберуге еш қатысы жоқ. Мен босқа қыдырып жүргім келмейді. Менде уақыт өте тығыз. Оны пайдалы шаруа тындыруға жұмсағаным артық. Жақын арада Путинмен мазмұнды келіссөз жүргізу мүмкін болмай тұр", - деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ Трамп "Латын Америкасын АҚШ-ты есірткімен улап жатыр" деп айыптап, енді оларға көк тиын бермейтінін мәлімдеді.

Трамп, әсіресе Колумбияға қатты шүйлікті. Осыған дейін, Венесуэлалық кемені жарып жіберген АҚШ президенті бұдан да қатаң шара қолданатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow