Трамп, Путин және Зеленскиймен кездесуге дайындалып жатыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина, Ресей және басқа да тараптармен кездесулер мен келіссөздер жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты inbusiness.kz - ке сілтеме жасап.
Ақ үй басшысы Ресей және Украина арасындағы жанжалды реттеу бойынша маңызды талқылаулар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Әртүрлі тараптармен, соның ішінде Ресей және Украинамен кездесу мен келіссөз жүргізу жоспарланған", - деді АҚШ президенті.
Осыған дейін Дональд Трамп екі ел арасындағы соғысты тоқтату үшін қолынан келгенінің бәрін жасайтынын мәлімдеген еді.
Алайда ол Украина және Ресеймен талқылаулар қандай сатыда тұрғанын нақты айтпады.
Сіздің реакцияңыз қандай?