Трамп Ресейге Украинамен келісім жасауға 10 күн уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинамен келісім жасауға 10 күн уақыт берді. Трамптың журналистермен сұхбатының аудиожазбасы Ақ үйдің YouTube-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлады Азаттық радиосы.
Саясаткердің сөзінше, осыдан кейін уәде етілген баж салығы енгізілмек. Алайда ол мұндай шараның тиімді болатынына сенімді емес, себебі Ресей президенті Владимир Путиннің "соғыс жалғасқанын қалап отырғаны анық".
Трамптың пікірінше, салықтың енгізілуі мұнайдың халықаралық нарықтағы құнына әсер етпейді, себебі АҚШ өндіріс көлемін ұлғайта алады.
Бұған дейін президент АҚШ-қа экспортталатын Ресей мұнайы мен Ресеймен саудаласқан елдердің тауарына жүз пайыздық баж салығын енгізуге уәде еткен. Егер бұл жүзеге асса, шектеу өзге елдермен қатар Қытай, Еуроодақ елдері, Үндістан, Түркияға да қатысы болуы мүмкін.
Жуырда Трамп Мәскеуге 10-12 күн уақыт беретінін айтқан. Кремль мұны "қаперіне алатынын" мәлімдеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






