«Трамп туа бітті тұла-бойы, жан тәнімен коммерсант, мақсаты - табыс қана» - журналист
Қатардағы американдықтардың басым көпшілігі де оның бұл саясатын қолдауы әбден мүмкін. Себебі олардың басты құдайы - ақша.

Трамп Украинаны сатып кетті, Ресейге жығып берді деп жатыр осындағы біраз саясаттанушылар.
Мен АҚШ Президентінің бұл қадамын басқаша түсіндім. Трамп туа бітті тұла-бойы, жан тәнімен коммерсант. Мақсаты-табыс. Қандай жолмен болса да табыс табу. Ол Байденннің Украинаға бөлген 100 млрд доллардан барынша пайда тауып қалғысы келіп отыр. Украинаға соның өтемақысы ретінде сирек металл кеніштерін беріңдер деп талап қойып отырғаны да сондықтан. Қатардағы американдықтардың басым көпшілігі де оның бұл саясатын қолдауы әбден мүмкін. Себебі олардың басты құдайы - ақша.
Егер Зеленский оған көнбейтін болса Трамптың екінші жоспары бар. Тіпті басты және түпкі мақсаты сол дер едім. Бүгінде Еуропа банктерінде Ресейдің 300 млрд доллары бұғаттаулы жатыр. Трамп соған қол салмақшы. Кешегі БҰҰ отырысында Ресей агрессиясын тоқтатуға қарсы дауыс беруінің де астарында сол пиғыл жатыр. Егер Ресей басқыншылық әрекеттерін тоқтатпаса Украина тағы да қосымша көмек сұрауға мәжбүр болады. Сол кезде Трамп Зеленскийден жаңағы кен орындарын қайта сұрайды. Алдымен сен өткен қарызды қайтар, сосын мен саған көмектесемін демекші. Соғысты тоқтатуға дауыс берген Еуропа елдеріне де сондай талап қояды. Ресейдің бұғатталған қаржысын беріңдер, содан соң сөйлесеміз дейді.
Атақты "Крестный отец" фильмінде жиі қайталанатын бір сөз бар. "Ничего личного, только бизнес" деген. Трамптың ұстанымы соған саяды. Қалғаны оны мазаламайды.
Журналист Мұхтар Түменбайдың facebook пaрaқшaсынан
Сіздің реакцияңыз қандай?






