Трамп: Зеленский Қырымнан бас тартуға дайын

АҚШ президенті Дональд Трамп украиналық көшбасшы Владимир Зеленскийдің Қырымға қатысты талаптардан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.
Менің ойымша, иә, - деп жауап берді Трамп Ақ үй пулындағы журналистердің сұрағына.
Сонымен қатар саясаткер Қырымның Ресей құрамына АҚШ президенті қызметін Барак Обама атқарған кезде өткенін еске салды. Осыған байланысты Ақ үй басшысы Қырым мәселесіне қатысты сұрақтарды өзіне емес, басқа адамдарға қоюды сұрады.
Америкалық көшбасшы сондай-ақ Ватиканда Зеленскиймен өткен кездесуі сәтті өткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Зеленский Вашингтондағы келіссөздерге қарағанда “сабырлы” болған.
Бұған дейін, сәуір айында, Трамп The New York Times газетінің мақаласына пікір білдіре отырып, Қырымды Украинаға қайтару талабын “ақылға қонымсыз” деген еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






