«Трамптың қарсы алдында отырдым»: Нұрлан имам Ақ үй ұйымдастырған таңғы асқа қатысты

Ақпан 7, 2025 - 10:28
Ақпан 7, 2025 - 10:34
«Трамптың қарсы алдында отырдым»: Нұрлан имам  Ақ үй ұйымдастырған таңғы асқа қатысты

Қазақстандық дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы Ақ үй ұйымдастырған қайырымдылық таңғы асында бой көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Қайырымдылық шара барысында АҚШ президенті Дональд Трамп дін бостандығы туралы сөз қозғапты. Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ол «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы - бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекеттердің президенттері отырды. Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар…», - деп жазды Нұрлан Байжігітұлы. 

Айта кету керек, жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде америкалық саясаткерлер, кәсіпкерлер мен шетелдік қонақтар Вашингтонда рухани ас ішуге жиналады. Шараны алғаш рет 1953 жылы АҚШ-тың 34-ші президенті Дуайт Эйзенхауэр ұйымдастырған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұрлан имам (@nurlanimam.kz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow