«Туған баламнан жиіркендім»: 15 жасында зорлықтың құрбаны болған кейуана қиын тағдырын баяндады (ВИДЕО)

Қазан 24, 2024 - 12:23
«Туған баламнан жиіркендім»: 15 жасында зорлықтың құрбаны болған кейуана қиын тағдырын баяндады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Qazaq Airan өзінің кезекті шығарылымын қайыршылықты кәсіп еткен кейуананың қиын тағдырына арнады, деп жазады Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Анадан туғаннан қарғыстан басқа сөз естімеген қарт кісі өзінің өмірінен сыр шертті. Айтуынша 15 жасында сексуалды зорлықтың құрбаны болғаннан кейін өзін жоғалтып алған.

«15 жасымда күйеуге шықтым. Күйеуге шықтым дегенде 4 бала зорлап кетті. Сол зорлағандардың бірі маған үйленді. Бұл өмірдің ащысын да, тұщысын да көрдім. Ана ешқашан баласын тастамайды дейді. Бірақ зорланғаннан кейін оның кімнен туғанын да білмеймін. Босанғаннан кейін перзентханада тастап кеткім келген. Соншалықты жиіркеніш болды. Кеудемде тас болып қатып тұр. Үйден шығып бара жатып хат жазып кеттім. «Бала сендерге аманат» дедім. 18 жастан бастап құрылыста жұмыс істедім», — деді ол.

Бұдан бөлек ішімдікке әуес болғанын да жасырмай айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow