Түркістан облысында Toyota Land Cruiser 200 мінген діни ағым мүшелерінен қару-жарақ табылды

Олардың қылмысқа бар-жоғы анықталып жатыр

Қыркүйек 18, 2025 - 16:12
Түркістан облысында Toyota Land Cruiser 200 мінген діни ағым мүшелерінен қару-жарақ табылды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында заңсыз қару сақтаған деструктивті діни ағымның мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ІІМ-нің «Р» басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды.

Олардың «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді.

Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.

«Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

02.09.2025ж. ҚР ҚК-нің 287-б. 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталды», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow