Түркістанда блогер кәсіпкерден 4 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Түркістан облысында полиция жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төрт миллион теңге талап еткен
Күдіктіні Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады.
«Ер дам әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Жедел уәкілдер жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданындағы дәмханалардың бірінде 6 900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады.
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






