Түркістандағы прокурорлар мен судьялар тұратын үйде жарылыс болды

Қараша 1, 2025 - 11:57
Түркістандағы прокурорлар мен судьялар тұратын үйде жарылыс болды
Orda.kz

Түркістан облысы Отырар ауданының көпқабатты үйінде түнгі тыныштықты қатты жарылыс бұзды. Пәтерлердің бірінде газдан өрт шығып, 35 жастағы бала дәрігері Әсел Әмірханқызы денесінің 90% -ы күйіп, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды Orda.kz.

 Белгілі болғандай, үй мемлекеттік бағдарлама бойынша небәрі төрт жыл бұрын салынған. Мұнда дәрігерлер, прокурорлар, судьялар тұрды. Осы уақыт ішінде тұрғын үй ыстық сумен жылытылды. Табиғи газды пәтерлерге қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ғана берген.

«Газ кеше ғана берілді. Келіп, қосты да кетіп қалды. Ешкімге  ескертілмеді, ештеңе тексерілмеді. Кешке жұрттың бәрі кешкі асын ішіп жатқанда жарылыс болған», - дейді зардап шегушінің туыстары айтады. 

Туыстарының айтуынша, қайғылы оқиға кезінде әйел жұмыстан келген, ал күйеуі мен екі баласы үйлену тойына кеткен. Көршілердің айтуынша, жарылыстың қатты болғаны сонша – барлық терезелер сынып, пәтердің бір бөлігі өртеніп кеткен.

 Отырар ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл газ құбырының 2021 жылы салынғанын, бірақ іс жүзінде жақында ғана қосылғанын растады. Қазір бұған рұқсаттың бар-жоғы анықталуда.

 «Тексеру нәтижелері жауапкершіліктің кімде екенін көрсетеді,  мердігер кінәлі ме, немесе немқұрайлылыққа жол берген мамандар ма?», - деді ол. 

Жарылыстан кейін тұрғындар туыстарына қоныстандырылды. Билік бүлінген үйді екі апта ішінде қалпына келтіруге уәде берді. Ал тергеу органдары тексеруді бастады. Іс бойынша газды қосу ережелерін бұзу нұсқасы қаралуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow