Түркия президенті оппозиция лидерін сотқа берді

Сәуір 9, 2025 - 17:30
Түркия президенті оппозиция лидерін сотқа берді
Фото: ашық дереккөз

Ыстамбұл мэрінің тұтқындалуынан басталған билік пен оппозиция арасындағы текетірес әлі де жалғасып жатыр, деп жазады sadaq.kz.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған оппозициялық Халықтық-республикалық партиясының жетекшісі Өзгүр Өзелге қарсы 500 мың түрік лирасы (шамамен 13 000 доллар) шамасында арыз берді.

Бұл туралы Ердоғанның адвокаты Хүсейн Айдын әлеуметтік желілерде хабарлаған. Ол прокуратураға президентті қорлау бойынша шағым түскенін нақтылап өтті. 

Өзелдің сөзі Түркия басшысының беделіне нұқсан келтірген, бұл жергілікті заң бойынша сотқа арыз беруге негіз бола алады. 

Еске салайық, елде ішкі саяси пікірталас 19 наурызда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглудың тұтқындалуынан кейін өршіді. 

Ердоған оппозицияны ішкі мәселелерді саяси мақсатта пайдалану әрекеттері үшін сынаған. Бүгінде елде саяси дағдарыс және өзара айыптаулармен қоса жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow